Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат Жалпы ережелер

Жалпы ережелер

Опубликовано: 22 апреля 2016
  1. Жалпы ережелер
  2. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәтбаев қаласының мәдени-сауықтыру, спорт орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
  3. Кәсіпорын 2008 жылы 21 қарашада №22/13 Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес құрылды.
  4. Кәсіпорынның құрылтайшысы Сәтбаев қаласының әкімдігі (бұдан әрі –құрылтайшы ) болып табылады, сонымен қатар кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік (коммуналдық) меншік құқығын  жүзеге асырады.
  5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган «Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.
  6. Кәсіпорынның атауы: «Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәтбаев қаласының мәдени-сауықтыру, спорт орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның орыс тілде атауы: коммунальное государственное казенное предприятие «Культурно-оздоровительный, спортивный центр города Сатпаев» государственного учреждения «Отдел внутренней политики, культуры и развития языков города Сатпаев».
  7. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101301, Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 111.

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның

заңдық мәртебесі

  1. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
  2. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.
  3. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.
  4. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

қызметінің мәні мен мақсаттары

  1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын қызметінің мәні қала тұрғындарына мәдени, сауықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен қамтамасыз етуді жүзеге асыру  болып табылады.

          11.Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын қызметінің мақсаты  болып табылады:

     -    жалпы және ұлттық спорт түрлерін дамыту;

     - балалармен, жасөспірімдермен, жастармен, қала тұрғындарымен, мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру;

     -  Қазақстан Республикасының аумағында және тыс жерлерде өтетін фестивальдерге, конкурстарға, жиындарға, семинарларға, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуға өз тарапынан көмек көрсету;

  1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық   кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

1)аула клубтарының жұмысын ұйымдастыру;

2)мәдени-сауықтыру іс-шараларын өткізу;

3)ұлттық және дәстүрлі спорт түрлерінен ойын-сауықтыру, спорттық-жалпы іс-шараларын өткізу;

4)өнерді, техникалық және көркемөнер шығармаларын дамыту;

5)баратын жарыстарға және мәдени-спорттық іс-шараларды өткізуде қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетуге тарту;

6)ақылы спорттық іс-шаралар және басқа да сауықтыру, мәдени және спорттық жарыстарды өткізу және ұйымдастыру;

7)ақылы әдістемелік-кеңестік қызмет көрсету;

8) ақылы спорттық-жаттықтыру процестерін өткізу.

  1. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.
  2. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
  3. Кәсіпорын басшысының заңды тұлғаның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.

 

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынды басқару

 

  1. Құрылтайшы:

1) Кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;

3) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;

         4) кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

5) кәсіпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;

6) кәсіпорын мүлкінің есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

  1. Тиісті саланың уәкілетті органы:

1) Кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

2) Кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

3)  Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

4)    Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

5) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
  2. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) Кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.
  3. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
  4. Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
  5. Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

 

  1. Басшы:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кәсіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне  сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін

белгілейді;

10) тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

11) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның мүлкі

 

  1. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіпорынның активтері құрайды.
  2. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
  3. Кәсіпорынның мүлкі:

1) оған меншік иесі берген мүліктің;

2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

  1. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
  2. Жедел басқару құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгеше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе,

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

  1. Мүлікті жедел басқару құқығын пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.
  2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке жедел басқару құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.
  3. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
  4. Кәсіпорынның мүлкіне жедел басқару құқығы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 34-тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
  5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, құрылтайшы тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша Кәсіпорыннан (жедел басқару құқығында) бекітілген мүлікті алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.
  6. Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімінде құрылтайшы Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.
  7. Осы Жарғының 31-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, негізгі құралдарға жататын, өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге, дебиторлық берешекті құрылтайшының жазбаша келісімімен ғана беруге және есептен шығаруға құқылы.
  8. Кәсіпорын оған жедел басқару құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.
  9. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі немесе меншік иесі құрылтайшы өзгеше белгіленбесе, осы Жарғының 36-тармақтарында көрсетiлген мүлiкпен жасалған мәмiлелерден алынған ақшаны Кәсіпорын

дербес пайдаланады.

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның

 қызметін қаржыландыру

 

38.Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

  1. Бюджеттен қаржыландырылатын көрсетілетін қызметтердің көлемі көрсетілетін қызметтердің бағаларын тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын белгiлейдi.

40.Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, көрсетілетін қызметтердің белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның

жарғылық капиталы

 

  1. Жарғылық капиталды меншік иесі (құрылтайшы) Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі кезіне толық қалыптастыруы тиіс.
  2. Кәсіпорынның жарғылық капиталы (жедел басқару құқығындағы) меншік иесінінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптасады.

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның

есепке алуы мен есептілігі

 

  1. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның

жауапкершілігі

 

  1. Жедел басқару құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Ақша жеткiлiксiз болған кезде, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

 

  1. Еңбек ұжымымен өзара қатынас

 

  1. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
  2. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсiпорын

 қызметкерлерiне еңбекақы төлеу

 

  1. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.
  2. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.
  3. Кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн тиісті саланың уәкілетті органы белгiлейдi.

 

  1. Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынды

қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1.   Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру  құрылтайшының немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңнамасында қайта ұйымдастырудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.
  2. Кәсіпорынның құрылтайшысы немесе кәсіпорынды тарату туралы шешiм қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына, тiркеу орны бойынша салық органына дереу жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi. Құрылтайшы мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган тарату комиссиясын құрады және осы Кодекске сәйкес тарату тәртiбi мен мерзiмiн белгiлейдi. 
  3. Заңды тұлғаның таратылуы аяқталды, ал заңды тұлға өз қызметін тоқтатты деп бұл жөнінде мәліметтер бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгізілгеннен кейiн есептеледі.

54.Кредит берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

 

  1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

  1. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды құрылтайшы енгізеді.

 

 

Басшы               ________________________                         ______________

                                    Т.А.Ә.                                                     қолы