Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

Ақпарат

        «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекттік мекемесінің «Сәтбаев қаласының мәдени-сауықтыру, спорт орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2008 жылы 21 қарашада № 22/13 Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес құрылды.

      Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын қызметінің мақсаты: қоғамдық бірлестіктердің және клуб, қала тұрғындарына мәдени-сауықтыру спорттық іс-шараларын ұйымдастыру, жалпы мәдени-сауықтыру спорт іс-шараларын қамтамасыз ету; тұрғылықты жеріне байланысты жасөспірімдерге арналған сауықтыру;  жалпы және ұлттық спорт түрлерін дамыту; Қазақстан Республикасының аумағында және тыс жерлерде өтетін фестивальдерге, конкурстарға, жиындарға, семинарларға, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуға өз тарапынан көмек көрсету.

   Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын қойылған мақсаттарын жүзеге асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

         Аула клубтарының қызметін ұйымдастыру және мәдени-сауықтыру ісшараларын өткізу; ұлттық және дәстүрлі спорт түрлерінен ойын-сауықтыру, спорттық жалпы ісшараларын өткізу.

          Осы  мақсатпен кеншілер қаласында балаларға арналған 9 аула клубы жұмыс атқарады және «Жастар» спорт сарайымен спорт сауықтыру кешенінде мекемеме басшыларының  келісімімен бокс, дзюдо, әскери самбо,  футболдан жаттығу сағаттары өтуде.

         Қазіргі таңда аула клубтарға қарасты 10 үйірме жұмыстары және 10 спорт секциялары жұмыс жасайды.

          Үйірмелер: ән, би, домбыра, қолөнер, бейнелеу өнері, айтыс, жүргізуші дайындау, ұйымдастырушы, интеллектуалдық, музыкалық студия.    

Спорт секциялары: шағын футбол,  бокс,  дзюдо, қоян қолтық ұрыс, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, әскери самбо, Пауэрлифтинг, тренажерлар.  

           Аула клубтары жұмыс жасайтын ауданда жасөспірімдер мен балалар өздеріне лайықты үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын пайдалы өткізеді. Оның балалардың шығармашылық және спорттық дамуына үлесі зор.

«Сәтбаев қаласының мәдени-сауықтыру, спорт орталығы» КМҚК бастығы
Байдусенова Гульбахыт Баймуратовна